4 желтоқсан күні Алматының FightClub спорт клубында Fight Nights промоушенінің жартылай орта салмақтағы чемпионы Георгий Кичигинді марапаттау рәсімі өтті. Қазақстандық файтерге Таиландтың Tiger Muai-Thai & MMA жаттығу лагеріне жолдама табысталды. Prosports.kz тілшісі сол шараға барып, чемпионмен аз кем әңгіме өрбітті.

- Тағы бір рет жеңісіңізбен құттықтаймыз, Георгий. Магомед Нуровқа қарсы өткен жекпе-жегіңіз жайлы айтып берсеңіз?

- Біз жекпе-жекке қойған жоспарды сәтті орындадық. Бапкерлер атқарған жұмысымды мақтады. Жалпы алғанда алға қойған тактиканы ұстандық. Кездесуден кейін Нуровқа келіп «бұл спорт, жеңістер әлі алда» деп жұбаттым. Ол оны күтпеген еді. Себебі бұған дейін ол мен жайлы жаман пікірде болды. Қазіргі таңда Қазақстаннан шыққан жалғыз чемпион екенімді сезінгенім маған үлкен жігер берді.

- Нуров көзге сізден ірі көрінді, ол жекпе-жекке өз әсерін тигізді ме?

- Менің күш-жігерім он раундқа дейін жететін еді. Туған қабырғалар маған көмектесті. Оған қоса, бұған дейін бес раундтық айқастарды өткіздім, ал Нуров кездесулерін үшінші раундтарда аяқтап жатты. Ол салмағын 100 келіден қуды, ал мен тек бір-екі келі тастап, шаршы алаңға шықтым.

- Кездесу үстінде басыңыз жарылып кетті. Бағып-қағушыларыңыз қанды қалай тоқтатты. Олардың жұмысына қандай баға бересіз?

- Менің бұрышымда кәсіби катмен жұмыс істеді. Ал Ербол Астанадан ұшып келді және менімен бірінші рет жұмыс істеді. Ол өз жұмысын керемет атқарды.

- Көптеген жанкүйерлер сіздің Нуровпен болған кездесуіңізді үздік деп таныды.

- Ия, мен үздік жекпе-жекке дауыс беру нәтижесін көрдім. Сол күні халықтың қолдауы мықты болды. Ол маған қосымша жігер берді. Астанада өткен турнир да жақсы болды. Алайда, өз қабырғаңда айқасу - керемет дүние.

- Жанкүйерлер Қуат Хамитов пен Питер Куиллидің жекпе-жегін қызықсыз деп жатты.Хамитовтың өнері ...

- Қуат ол кеште кәсіби маман екенін көрсетті. Оның қалай жеңіске жеткені маңызды емес. Бастысы - жеңіске жетті. Меніңше, Қуат алғашқы үш раундты алды. Оған сөзсіз тұрып төбелесу әдісін дамыту керек. Питер лоукиктар мен апперкоттар жасап оған көп зардап әкелді. Сонымен қатар, Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегі ұнады. Төрешілер ұжымы өз жұмысын жақсы атқарды.

- Қыркүйек айында Алматыда ACB 69, ал қазанда FN Global 80 турнирлері өтті. Қай турнир есіңізде қалды?

- ACB ұйымының карды жақсы болды. Себебі, тәжірибелі файтерлер қатысты. Армана Оспановтың жекпе-жегі Хамитов пен Куиллидің кездесуінен мықты болды деп айта алмаймын. Алайда, көрермендердің қолдауы біздің турнирде мықты болды.

- Таиландтағы Tiger Muai-Thai & MMA жаттығу залына жолдама алдыңыз. Ол жаққа қашан баруды жоспарлап отырсыз?

- Таиландта оқу жаттығу жиындарын өткізіп, жаңа әдістерді үйренемін. Tiger Muai-Thai & MMA жаттығу залына әлемнің түкпір-түкпірінен келген файтерлер жиналады. Өткен жолы ол жерде Асылжан Бақытжанұлымен бірге дайындық өткіздім.

- Асылжан демекші. Жақында ол ACB ұйымымен келесімшартқа отырды. АСВ 77 турнирі аясында 23 желтоқсан күні жекпе-жекке шығады.

- Ол менің негізгі спарринг-серіктесім. Мен оны қатты сыйлаймын. Оның болашағы зор. Асылжанның АСВ ұйымының жартылай орта салмақтағы чемпион атануға мүмкішілігі көп. Әр кездесу сайын ол жекпе-жек шебері ретінде өсіп келеді.

- Сіздің ағаңыздың салмақ өлшеу рәсіміндегі қылығы үшін сыйақыңызды 20% қыйғаны мәлім болды.

- Ия, маған айыппұл салынатынын күттім. Ал Витядан мұндай нәрсе күтпеген едім. Мен өз қарсыластарыма құрметпен қараймын. FN басшылығы салған айыппұлға қарсы емеспін.

- Бізге берген сұхбатыңызда «Русимар Пальяреске қарсы айқасқа түскім келеді» дедіңіз. Ол ойыңыз әлі күшін жойған жоқ па?

- Ия, әлі Пальяреспен кездескім келеді. Егер менде таңдау құқығы болса, онымен қуана-қуана Тәжікстанда наурыз-сәуір айларында жекпе-жекке шығар едім.

- Русимар партерде төбелесуді ұнатады. Тұншықтыру, буындыру әдістерін жиі қолданады. Сіз оған қарсы қандай тактика қолданар едіңіз?

- Кездесуді партерге өткізбей, тұрып төбелесер едім. Сәті туғанда нокаутқа жібермін.

Естеріңізге салайық, қазан айында Fight Nights Global 80 турнирі аясында Кичигин жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін ресейлік Магомед Нуровқа қарсы сәтті қорғаған болатын.

Фото: Олег Спивак