Бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мейвезер қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпованың жаттығуына барды.

Мейвезер Мәскеудегі «Бокс Академиясына» келіп, Шарипованың жаттығуын тамашалаған. Кейін спортшыға 30 желтоқсанда Алматыда өтетін жекпе-жегінде сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін кіші Мейвезер мен Шарипова америкалық боксшының Мәскеудегі ашық жаттығуында кездескен болатын.

Айта кетейік, Фируза 30 желтоқсанда Алматыда бельгиялық Джемилла Гонтарюкпен жұдырықтасып, IBO және WBC Silver белбеулерін сарапқа салады.