Қазақстанның Ұлттық олимпиялық комитеті және "Хабар" Агенттігінің 2017 жылғы Ұлттық спорттық сыйлығымен бірігіп ұйымдастырылған "Жылдың үздік командасы" номинациясында "Астана" футбол клубы жеңіске жетті.

Номинацияның жеңімпазы ҰОК-нің сайтында қараша айында өткізілген ашық сауалнама арқылы анықталды.

"Астана" ФК атынан премияны салтанатты рәсімде кезінде клубтың Атқарушы директоры Қайсар Бекенов алды. Елордалық клуб өкілін "Халык Каhарманы" атағының иегері, азаматтық әуе жолдарының ұшқышы Дмитрий Родин, сонымен қатар танымал қазақстандық гимнаст, Азия ойындарының және Азия Чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Алия Юсупова марапаттады.