Елордалық «Астана» футбол клубы болгариялық «Локомотив» ойыншысы Парвизджон Умарбаевты қатарына қоспақ. Бұл туралы болгариялық «7 дни Пловдив» хабарлады.

Басылымның мәлімдеуінше, Станимир Стойловтың командасы «тәжік Мессиі» атанған Парвизджонның келісім-шарты мерзімінің аяқталғанын күтіп, өз сапына еркін агент ретінде алмақ.

Умарбаевтың «Локомотивпен» еңбек келісімі осы маусымнан соң аяқталады.

23 жастағы жартылай қорғаушы 2015 жылдан бері Тәжікстан ұлттық құрамасында өнер көрсетеді. Ал осы маусымда «Локомотив» сапында 14 матч өткізіп, 2 гол соққан.