Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Александр Кержаков ӘЧ-2018 топтық кезеңнің жеребесі туралы айтып берді.

- Ресей құрамасы 99 пайызға 1/8 финалға шығып тұр. Тобымыз жеңіл. Бұл қуанышты жаңалық, - деді ресейлік футболшы.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей құрамасы ӘЧ-2018 топтық кезеңінде Уругвай, Мысыр және Сауд Арабия құрамасымен күш сынасады.