Чехия чемпионатының 16-шы турында «Славия» «Баникті» қабылдап, жеңіске жетті.

Матч 2:1 есебімен аяқталды. 8-ші минутта Михал Фридрих автогол соғып, «Баник» есепте алға шыққан. Алайда артынша Милан Шкода есепті теңестірсе, кейін Фридрих өз қатесін жөндеп, командасына жеңіс сыйлады – 2:1.

Осылайша «Славия» 32 ұпай жинап, екінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы турында «Славия» елордалық «Астананы» қабылдайды. Қазақстан чемпионына плэй-оффқа өту үшін «Славияны» ұту керек. Ал чехиялықтарға жеңілмеу жеткілікті.