Белгілі боксшы кіші Флойд Мейвезер Қытайға барған кезде панданы асырап алды.

Көп кездесе бермейтін аңның иесі болу үшін Мейвезер 15 мың доллар берген. Бірақ Флойд панданы үйіне алып кете алмайды, ол сол жақта қалады. Бірақ жыл бойы оның өз пандасына барып тұруына және оған есім беруіне болады.

2016 жылы шілдеде туған бұл панданың есімі басында Моаду болған. Кейін боксшы оның есімін өзінің есіміне өзгертіп тастады.