Америкалық «Сиэтл Сихокс» футбол клубының ойыншысы Брэндин Зулудың пікірінше, боксшы кіші Флойд Мейвезер қазақстандық Геннадий Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасуы керек.

«Ертең біреулердің «Флойд сол кезде қашып жүрген» дегенін қаламаймын! Сондықтан Мейвезердің осы кезде Головкинмен-мен кездескені дұрыс», - деп жазды Зулу өзінің твиттердегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин Мейвезер секілді қарсыласпен кездесу үшін төменгі салмақ дәрежесіне түсуге дайын екенін айтқан болатын. Ал Мейвезер Головкинді оңай жеңемін деп айтып жүр, алайда жекпе-жек туралы сөз қозғамайды.