Пуэрторикалық боксшы Мигель Котто қазақстандық Геннадий Головкин немесе мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы айтты.

«Мен боксқа енді келген кезімде жалғыз болдым. Енді отбасым бар – әке атандым, енді солар туралы ойлап, қастарында болуым керек. Мен үшін отбасым бірінші орында. Головкин немесе Канелоны жекпе-жекке шақыру ма? Одан да екеуі бір-бірін шақырсын (күліп)» , - деді Котто.