Швецияның Эстерсунд қаласында Әлем кубогы кезеңінде әйелдер арасында 7.5 шақырымдық спринт аяқталды.

Қазақстандық биатлоншылар ішінде Галина Вишневская үздік нәтиже көрсетті – 13-ші орын. Ал Дарья Климина 71-ші, Ольга Полторанина — 76-шы, Елизавета Бельченко — 101-ші, Алина Райкова — 103-ші болып мәре сызығын кесті.