Нью-Йоркте Madison Square Garden Theater аренасында Ковалев – Шабранский арасындағы кештің андеркардында өнер көрсететін боксшылар салмақ өлшеді.

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (4-0, 3 КО) америкалық Эрик Мунға (7-0, 6 КО) қарсы кездесу алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, қажетті салмақты көрсетті. Алдағы кездесу орта салмақ арасында өтіп, алты раундқа жоспарланған.

Нұрсұлтанов таразыда 161,6 фунт (73,03 кг), ал Мун 162,2 фунт (73,5 кг) көрсетті.