Қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы екінші жекпе-жекке дайын. Бұл туралы боксшының өзі айтты.

«Мен дайынмын. Golden Boy-мен және Канеломен сөйлесіп көріңіздер. Мен – әлем чемпионымен және мен нағыз дайын күйдемін», - деді Головкин.

Айта кетейік, боксшылардың екінші кездесуі келесі жылдың 5 мамырында өтеді деп күтілуде. Ал 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен алғашқы жекпе-жектері тең аяқталған болатын.