Сербияда (Нови-Сад қаласында) самбодан жастар мен жасөспiрiмдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды вконтактедегі топжарғандар парақшасы.Жарыстың соңғы күнiнде жасөспiрiмдер арасында Ернұр Сүлеймен (56 келi) қола жүлде жеңіп алды.Жастарымыздан Жадыра Әміртаева (52 келi) чемпион атанса, 64 келiде Ақбота Арғынғазина күмic, Қайыргелдi Айдынбай (52 келi) мен Қайсар Шамшиденов (100 келi) қола жүлде иеленді.