Сербияда самбодан жастар мен жасөспiрiмдер арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Чемпионаттың бiрiншi күнiнде жасөспiрiмдер арасында Асқар Юспусинов (48 келi) күмic, Шыңғыс Жандаралы (60 келi) қола жүлдегер атандыЖастар арасында Рамазан Мамаев 62 келiде алтын алса, Жадыра Пайыз (44 келi), Маржан Бизақ (56 келi), Даурен Болатбекұлы (82 келi) мен Ерасыл Бақыттар (48 келi) күмicпен күптелдi.