ҚР ММА, панкратион және греплингұлттық федерациясының президенті Сағындық Мекеев Арман Оспановтың бразилиялық ТьягоЛуис Сильвадан жеңілген кездесуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.
«Бірінші қателігі - Арман Махачкалада жүрген кезінде Каспий теңізіне шомылған. Содан жара пайда болған. Атырауға келген кезде өзім күтіп алған едім. Қолы ісіп кеткенін көріп,Арманға «бұл жарақатпен қалай шаршы алаңға шықпақшысың» деп сұрадым. Көп жыл бойы балаларды тәрбиелеп жүргендіктен, жараның жайын білдім. Ол бірақ намысты жігіт қой... 12 мың халық Алматыда жиналатынын білді. Қазір сол жеңілістің кесірінен рейтингі түсіп кетті. Болған іс болды. Өзі де түсінді. Жақында кездесіп, әңгімелестік. 6-7 қазан күндері Астанада ММА-да өтетін чемпионатқа да келеді. Арманға дайындалу керектігін айттым. Біздің үміт күттіріп жүрген спортшымыз ғой. Өзін көтерсе бір-екі жылда Арманның АҚШ-қа UFC-ге де баруға да мүмкіндігі бар. Аздап күтейік», - дейді Сағындық Мекеев.
Еске сала кетейік, 9 қыркүйек күні Алматы қаласының 1001жылдығына орай «Алматы Арена» спорт кешенінде Арман Оспанов пен бразилиялықТьяго Луис Сильва арасында жекпе -жек өткен еді. Қазақстандық спортшы сол кезде кәсіби спортта тұңғыш рет жеңілген болатын.