Жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор америкалық боксшы Пол Малиньяджимен ережесіз жекпе-жекте шыққысы келеді.

Бұл туралы ирландиялық спортшының бапкері Джон Кавана хабарлады. «Конор боксшымен сегізбұрышта кездескісі келеді. Бірақ меніңше, Малиньджи лайықты қарсылас емес», – деді Кавана соңғы сұхбатында.

Айта кетейік, екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Пол Малиньяджи 2017 жылдың наурыз айында Сэм Эггингтоннан жеңілген.