Екі салмақ бойынша UFC чемпионы Конор Макгрегор Флойд Мейвезермен болған кездесуінде рефери болған Роберт Бердке шүйлікті.
Макгрегор Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің айқасында дәл осы Роберттің зайыбы Аделайда Берд төрешілердің бірі болғанын еске салды. «Роберт Берд - Аделаида Бердтың күйеуі. Осымен-ақ бәрі айтылып тұр. Біз шаршы алаңға (Флойд Мейвезермен - авт.) шыққан кезде рефери ережелерді түсіндіре бастаған. Бір қызығы, Берд тек маған қарап айтарын айтып тұрды. Мен оның көзқарасынан тек маған көз салып тұрғанын, Флойдқа мүлде қарамағанын байқадым» , - дейді UFC чемпионы.