Спорт үлкен мегаполистердің айрықша бөлігіне айналды. Барселона тұрғындары өздеріне қатты көңіл бөледі. Мұнда еңбектеген баладан бастап еңкейген шал-кемірге дейін денсаулықты күтеді.

Барселонаның спорттық орталықтары мықты жабдықталған, бірден көзге түсетіні де сол. Жеке бапкерлер көмекке әзір. Cпа-бағдарлама, массаж және ас мәзірі керемет нәтиже шығаруға көмектеседі.

Мен сіздерге Барсадағы көзбен көрген спорт орталықтардың үздік үштігін ұсынамын.

Metropolitan Iradier – Испанияда ұлттық спорт кешендер тізіміне енген. Фитнес-клубтың аумағы 10 000 м2. Орталықтағы интерьер, ескі ғимарат, қалаға панорама көрініс спортпен айналысуға ерекше күш-жігер береді.

Спа-орталық антикалық стильде жасалған. Мұнда хауыз, түрік моншасы, сауна, джакузи бар. Сондай-ақ қонақтар үшін ашық теннис алаңы дайын.