русский язык
МӘССАҒАН

Барселонаның үздік фитнес орталықтары

Барселонаның үздік фитнес орталықтары
news-banner7
mobile-news-top

Спорт үлкен мегаполистердің айрықша бөлігіне айналды. Барселона тұрғындары өздеріне қатты көңіл бөледі. Мұнда еңбектеген баладан бастап еңкейген шал-кемірге дейін денсаулықты күтеді.

Барселонаның спорттық орталықтары мықты жабдықталған, бірден көзге түсетіні де сол. Жеке бапкерлер көмекке әзір. Cпа-бағдарлама, массаж және ас мәзірі керемет нәтиже шығаруға көмектеседі.

Мен сіздерге Барсадағы көзбен көрген спорт орталықтардың үздік үштігін ұсынамын.

Metropolitan Iradier – Испанияда ұлттық спорт кешендер тізіміне енген. Фитнес-клубтың аумағы 10 000 м2. Орталықтағы интерьер, ескі ғимарат, қалаға панорама көрініс спортпен айналысуға ерекше күш-жігер береді.

Спа-орталық антикалық стильде жасалған. Мұнда хауыз, түрік моншасы, сауна, джакузи бар. Сондай-ақ қонақтар үшін ашық теннис алаңы дайын.

Бағасы:

Жарты жылдық абонемент – €90.

Мекенжай: Carrer de les Escoles Pies, 105.

Metropolitan желісіне жататын Metropolitan Balmes спорт орталығы туралы да айтпақшымын. Орналасқан жері Грасия ауданында. Фитнес-центрде үлкен тренажер залы бар. Спа-комплекс пен солярий, ашық аспан астындағы ресторан да келушілерді күтеді. Топтық және жекелей жаттығуға арналған бағдаламалар әзір.

Спорттық клубтың қызметкерлері үнемі шеберлік сабақтарын өткізіп эксклюзивті қызмет түрлерін ұсынады. Оратылықта тіркелгендер үшін автотұрақ тегін.

Бағасы:

Бір ай жаттығу – €99

Мекенжай: C. Balmes, 215.

Барселонаның Bonasport орталығы үлкен аумақты алып жатыр. Жаттығуға арналған заманауи тренажер залы, фитнес-бөлме, футбол алаңы, теннис корты мен екі хауыз келушілерді қуантпай қоймайды. Ата-аналар Bonasport-қа балаларымен келгенде алаңсыз жаттығып жүре береді. Себебі қызметкерлер балаларды ойнатып көңілін аулайды. Қазақстанда мұндайды көріп пе едіңіз?

Өте профессионалды медициналық мамандар әр жаттығудан кейін келушінің жағдайын бақылап ақыл-кеңестерін береді. Спорт орталығында жаттығудан кейін дем алатын Social Club бар. Қонақтар тер шығарып жақсылап жаттыққан соң далада отырып сусын іше алады.

Бағасы:

Кәсіби бапкермен бір жаттығу (60 мин) – €37;

Бір ай топтық жаттығу – €230.

Мекенжай: Carrer de Vista Bella, 11.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;