Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешенінде, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мен Coca Colа компаниясының ұйымдастыруымен 5-8-ші сынып оқушылары арасында «Olympic moves» спартакиадасының шешуші кезеңі өтті.

Бұл спартакиада Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда және осы жылы біздің елде алғаш рет өткізіліп жатыр. Айта кетсек, біздің ел «Olympic moves» халықаралық жобасын тоғызыншы болып ұйымдастырып отыр.

Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсімі кішігірім концерттік бағдарламадан басталды, ұлдар мен қыздар флешмобқа қатысып, бойларын сергітті. Содан соң, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілі және «Olympic moves» жобасының координаторы Бахытбек Хамит сөз алып, қатысушыларға құттықтауын жеткізді:

- Құрметті оқушылар, осы спартакидаға ат салысып, қатысып жатқандарыңыз үшін алғысым шексіз. «Olympic moves» жобасы келешекте бүкіл Қазақстан мектептерін қамтитын болады. Осы жылы, жарыстар Астана, Алматы қалаларында өтіп жатқаны тегін емес, қазіргі таңда бұл қалалар ауқымды спорттық шаралардың алаңы. Бұған дәлел сіздердің аудандық, мектепаралық жарыстарға қалыспай қатысуларыңыз. Сіздерге жарқын жеңіс пен сәттілік тілеймін!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешеніне жиналған қатысушылар спорттың төрт түрінен сайысқа түсті -- жеңіл атлетика (5 сынып қыздар, ер балалар): ұзындыққа секіру, 30 және 500 метр қашықтыққа жүгіру, шағын футбол (6 сынып қыздары арасында ғана) , баскетбол (7 сынып қыздар және ер балалар), волейбол (8 сынып қыздар және ер балалар).

Айта кететін жайт, бұған дейін әр ауданның мектептерінде бұл спартакиаданың аудандық кезеңдері ұйымдастырылып, үздік спортшылар мен командалар іріктелді. Олар өз аудандарының намысын шешуші кезеңде қорғады.

Алматы қаласының 200-ден астам мектебінен (жалпы іріктеу кезеңінен бастап) бұл спратакиадаға 10 мыңнан астам оқушы қатысса, финалдық кезеңде 2000-нан астам қатысушылар саны тіркелді.

«Мектептік жарыстарда іріктеу кезеңнен сүрінбей өтіп, финалдық кезеңге жеткенімізге қуаныштымын. Енді міне ақтық бәсекеде де топ жарып, чемпион атандық. Осындай жарыстар қаламызда, елімізде жиі өтсе бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосатынына күмәнім жоқ. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», - деді спартакиада қатысушысы Ұлдана Жаманқұлова.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдер мен дипломдармен марапатталады. Оларға ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Coca Cola компаниясы және Алматы қаласы әкімдігінің атынан бағалы сыйлықтар табысталады.

Назарларыңызға финалдық кезеңнің нәтижелерін ұсынамыз:

Жеңіл атлетика, 30 метрге жүгіру, қыздар:

1-ші орын: Анжела Якушина

2-ші орын: Милана Романова

3-ші орын: Коновалова, Дамаскина

Ер балалар:

1-ші орын: Вишнеков

2-ші орын: Бижан, Белов

3-ші орын: Хизбулин

500 метрге жүгіру

Қыздар:

1-ші орын: Романова

2-ші орын: Алексеева

3-ші орын: Том

Ұлдар:

1-ші орын: Бижан, Бабайкин

2-ші орын: Вишнеков

3-ші орын: Ушуров

Командалық есеп:

1. Түрксіб ауданы

2. Жетісу ауданы

3. Наурызбай ауданы

Шағын футбол:

1. Жетісу ауданы

2. Әуезов ауданы

3. Медеу ауданы

Баскетбол

Қыздар:

1. Жетісу ауданы, 87 мектеп

2. Түрксіб ауданы, 44 мектеп

3. Наурызбай ауданы, 76 мектеп

Ер балалар:

1. Жетісу ауданы, 87 мектеп

2. Әуезов ауданы, 6 мектеп

3. Түрксіб ауданы, 147 мектеп

Волейбол

Қыздар:

1. Түрксіб ауданы

2. Әуезов ауданы

3. Медеу ауданы

Ер балалар:

1. Бостандық ауданы

2. Әуезов ауданы

3. Медеу ауданы

Жалпы командалық есеп:I – Жетісу ауданыII – Түрксіб ауданыIII – Медеу және Әуезов аудандары

Фотолар: Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтынан