«Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы, бүгінде испаниялық ТВ-да комментатор әрі сарапшы болып жүрген Хулио Салинас Чемпиондар лигасындағы литвалық «Спартак» пен қазақстандық «Астана» матчына болжам жасады.

«Қонақтардың жеңісіне бәс тігуге болады деп ойлаймын. «Астана» соңғы жылдары жақсы футбол көрсетіп жүр. Тіпті, екі жыл бұрын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен. Қазақстан чемпионы – жақсы дамып келе жатқан бизнес-жоба. Оның үстіне, литвалық клубтар еурокубокта үлкен жетістіктерге қол жеткізе алмайды», - деді Салинас.