«Қайрат» ФК қорғаушысы Шелдон Бато клубтың баспасөз-қызметіне өзінің дебюті жайлы және «Ақжайыққа» қарсы матч туралы ойымен бөлісті.

- «Қайрат» сапындағы алғашқы матчымды өткізгеніме қуаныштымын. Себебі командамен бірге бірнеше апта бойы жаттығып жүрмін, бірақ әлі алаңға шықпаған едім. Енді алғашқы ойынымнан соң шабыттанып жүрмін, себебі жігіттермен жұмысты бастадым.

Ойын ауыр болса да, матчқа жақсы кірдім деп ойлаймын. Нәтижесінде өз қақпамызға гол жібермей, жеңіске жеттік. Маңыздысы осы, - деді Бато.