«Астана» Түркия құрамасының жартылай қорғаушысы Волкан Шенге қызыққан. Бұл туралы Goalbien.com хабарлады.

30 жастағы хавбек «Фенербахчемен» келісім-шартын бұзған соң, еркін агент атанған болатын. Оған «Астана» ұсыныс жасаған еді, бірақ футболшы одан бас тартты.

Шенге испаниялық «Бетис» пен «Сельта» да қызығушылық танытып отыр.

Айта кетейік, Волкан Шен 2010 жылдан бері Түркия ұлттық құрамасында ойнап жүр. Былтыр Еуропа чемпионатында екі матчқа қатысты.