Лондондық «Арсенал» Аустралия мен Қытайда өтетін маусым алдындағы екі апталық турға шабуылшы Алексис Санчессіз аттанады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
«Канонирлер» Сидней, Шанхай және Бейжің секілді қалаларда тоқтап, жалпы саны төрт жолдастық кездесу өткізеді. Қарсыластары: «Сидней» (13 шілде), «Вестерн Сидней Уондерерс» (15 шілде), «Бавария» (19 шілде) және «Челси» (22 шілде) командалары болмақ. «Арсеналдың» бас бапкері Арсен Венгер маусым алдындағы турға 25 футболшыны алуды жөн деп шешіпті: Петр Чех, Давид Оспина, Эмиль Мартинес, Крыстян Белик, Коэн Брамалл, Франсис Коклен, Мохамед Эль-Ненни, Оливье Жиру, Алекс Айуоби, Лоран Косельни, Зеад Колашинац, Александр Ляказетт, Эйнсли Мэйтленд-Найлс, Пер Мертезакер, Начо Монреаль, Донелл Мален, Рейс Нельсон, Эдди Нкетиа, Алекс Окслейд-Чемберлен, Месут Озил, Аарон Рэмси, Тео Уолкотт, Дэнни Уэлбек, Гранит Джака, Джо Уиллок.