Маусым айындағы ұлттық құраманың ойынына байланысты ел чемпионатындағы аздаған үзіліс болып, «Астана» үш ойын өткізген еді. Елордалық ұжым үш ойында да жеңіске жеткен болатын. «Атырау» (4:0), «Ақтөбе» (4:2) және «Оқжетпес» (3:0).

Команданың үздік сұрмергені Джуниор жаз маусымынаң алғашқы айында 4 гол соғып, үш ойынды сәтті өткізді. Оның бұл көрсеткіші назардан тыс қалған жоқ. Клуб жанкүйерлері «ВКонтакте» желісіндегі ресми парақшамызда ұйымдастырған сауалнамда ең көп дауысты Кабанагаға берген. Коноголық шабуылшы 58 пайыз жанкүйерлердің дауысын жинаған.

Екінші орынды Кабананга секілді үш ойында гол соққан Патрик Твумаси иеленді. Дегенмен, ол Джуниордан бір гол кем соққан болатын. Оған жанкүйерлердің 14,7 пайызы дауыс берген.

Сауалнама қорытындысы бойынша үздік үштікті Серікжан Мужиков қорытындылады. Серікжанның жоғарыдағы әріптестері секілді – гол + пас жүйесіндегі көрсеткіші үздік болмаса да, «Ақтөбемен» өткізген ойыны мақтауға тұрарлық болды.

Дауыс берудің қорытындысы:

1.Джуниор Кабананга 58,6%

2.Патрик Твумаси 14,7%

  1. Серікжан Мужиков 7,2%
  2. Дмитрий Шомко 4,6%
  3. Срджан Граховац 4,4%

Жалпы саны 2 809 жанкүйер дауыс берген.