Қазақстан Ұлттық құрамасының қорғаушысы «Астана» клубына қайта оралды.

Сергей өткен маусымда елордалық клуб сапында қосылып, «Астана» клубымен жарты жыл ішінде 18 ойында алаңға шықты. Соның сегізін Еурокубок бәсекесінде өткізіп, 1 гол және 1 нәтижелі пас асырған еді.

2017 жылғы ел біріншілігінің бірінші кезеңінде Сергей Малый қостанайлық «Тобыл» клубымен 14 ойын өткізіп, екі гол соққан болатын.