«Астана» футбол клубы хорватиялық «Риека» командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасовпен еңбек келісімшартына қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

Томасов «Риекадан» бөлек, өз Отанында «Хайдук» және «Задр» командалары сапында өнер көрсеткен. Хорватиялық ойыншы Германия чемпионатының өкілі «Мюнхен-1860» сапында 3 маусым өткізген. Сондай-ақ, соңғы маусымда Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасында жалда ойнаған.

Беделді Тransfermarkt.de сайтының мәліметі бойынша Хорватия жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен ойыншының құны 2 миллион еуроны құрайды. Томасов өз кезегінде Хорватия ұлттық құрамасы сапында да бір ойын өткізген.

Марин 2015/2016 жылғы футбол маусымында Хорватия чемпионатында үздік асистент атанса, ел Кубогында үздік сұрмерген болған еді.

Қазақстанның үш дүркін чемпиондары хорватиялық ойыншы бір жылға жалға алды.