Русе мэрі Пламен Стойлов «Дунав» футболшылары Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде «Ертістен» өтсе, ойыншыларға сыйақы беруге уәде етті.

Болгариялық «Меридиан Мач» ақпаратына сүйенсек, екі ойынның қорытындысы бойынша «Дунав» келесі кезеңге өтсе, клуб футболшылары 2 мың еуродан алады. Бұған дейін мэр әр ойыншыға 1500 еуродан бергісі келген болатын.

Айта кетейік, Павлодарда өткен алғашқы матчта алаң иелері 1:0 есебімен жеңген еді. Қарымта ойын 6 шілдеде Руседе өтеді.