Футболдан Польшада аяқталған жастар арасындағы Еуропа чемпионатында Германия топ жарды.

Финалдық кездесуде Германия жастары Испаниядан келген құрдастарынан басым болды. Кездесудегі жалғыз голды Митчелл Вайзер соқты.

Жастар арасындағы Еуропа чемпионаты

Финал

Германия (U-21) – Испания (U-21) 1-0

Гол: Вайзер 40

Германия (U-21): Поллерсбек, Кемпф, Штарк, Тольян, Вайзер, Филипп (Озтюнали 87), Хаберер (Кор 83), Арнольд, Майер, Гнабри (Амири 81), Герхардт.

Испания (U-21): Аррисабалага, Мере, Кастро (Гайя 51), Бельерин, Вальехо, Себальос, М. Льоренте, Асенсио, Ньигес, Деулофеу, С. Рамирес (И. Уильямс 71).

Ескерту алғандар: Ньигес 43, Арнольд 47, Хаберер 50, Штарк 52, М. Льоренте 54, Майер 78, Вальехо 90.