Ресейлік бапкер Сергей Ташуев қазақстандық «Тобылмен» келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Тобылдың» басшылығымен клубты жаттықтыру жөнінде сөйлесіп жатырмын. Бірақ нақты ақпарат екі күннен соң белгілі болады.

Ресейлік командалар емес, қазақ клубтары қызығып отырғаны өкінішті. Бұған мен ғана емес, басқа да ресейлік бапкерлер таңқалып жүр. Бірақ бұл менің ғана пікірім», - деді Ташуев «Чемпионатқа» берген сұхбатында.

Айта кетейік, Сергей Ташуевтің соңғы клубы ресейлік «Кубань» болған.