«Риеканың» хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов «Астанаға» ауысса, Премьер-лигадағы ең қымбат ойыншылардың бірі атанады.

Белгілі Transfermarkt порталының ақпаратына сүйенсек, Томасовтың трансферлік құны – 2 миллион еуро. ҚПЛ-да одан қымбат бір ғана ойыншы бар. «Қайрат» шабуылшысы Жерар Гоу 2,5 млн еуроға бағаланады.