«Тобыл» ФК директоры Талғат Баймұратов өз қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. Баймұратов бүгін жалпы отырыста клуб қызметкерлеріне өз еркімен жұмыстан кетіп бара жатқанын айтты. Ол «Тобылда» төрт жыл қызмет еткен. Сондай-ақ, қаржылық мәселелер бойынша директордың орынбасары Талғат Қосмұхамбетов пен спорт директоры Константин Гальченко де өз жұмыстарын босатты.