«Қайрат» футбол клубы Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіне тіркеген ойыншылар тізімін жариялады.

Бұл тізімге «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан ілінбеді. Былтырғы Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Маккабиге» қарсы ойынның соңында қарсылас футболшысына қарсы тәртіп бұзғаны үшін, алаңнан қуылған болатын. Екі ойынға шеттетілген алматылық команданың капитына израильдік клубқа қарсы қарымта ойынға қатыспады. Ендігі «Атлантасқа» қарсы кездесуге де қатыса алмайды.

Айта кетеік, «Қайрат» іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын литвалық «Атлантас» командасына қарсы өткізеді.