«Ордабасының» орталық қорғаушысы Зоран Рендулич шымкенттік клубтан кеткенін хабарлады.

«Бәрі үшін рахмет! Бұл футбол және бұл өмір. Сіздерге бар жақсылықты тілеймін! Рахмет, «Ордабасы»!», - деп жазды 33 жастағы серб Instagram-да.

Рендулич «Ордабасыға» биыл ақпанда ауысқан болатын. Премьер-лигада төрт қана матч өткізді.