Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин НВО арнасының нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік боксшысы атанды.

Аталмыш арнаның әлеуметтік желідегі парақшасындағы сауалнаманың қорытындысы бойынша «Трипл Джи» жеңімпаз болып шықты. Дауыс берген 11 мың адамның 38 пайызы Майқұдық тумасын үздік деп таңдады.

Екінші сатыда жақында ғана Сергей Ковалевті жеңген Андре Уорд жайғасса (30%), үздік үштікті украиналық Василий Ломаченко қорытындылады (21%).