русский язык
Бокс

НВО: Головкин - әлемнің ең үздік боксшысы

НВО: Головкин - әлемнің ең үздік боксшысы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин НВО арнасының нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік боксшысы атанды.

Аталмыш арнаның әлеуметтік желідегі парақшасындағы сауалнаманың қорытындысы бойынша «Трипл Джи» жеңімпаз болып шықты. Дауыс берген 11 мың адамның 38 пайызы Майқұдық тумасын үздік деп таңдады.

Екінші сатыда жақында ғана Сергей Ковалевті жеңген Андре Уорд жайғасса (30%), үздік үштікті украиналық Василий Ломаченко қорытындылады (21%).

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 16-ы Лас-Вегастың T-Mobile аренасында Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;