44 жасар Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Нүркен Мазбаев «Оқжетпес» клубының бас бапкері Виктор Пасульконың көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды көкшетаулық клубтың ресми сайты.

«Бүгін, барлық қажет құжаттарды реттестіріп болған соң, бас бапкердің көмекшісі қызметіне ресми түрде Нүркен Мазбаев тағайындалды. Нүркен Қалдыбекұлы бірнеше күн бұрын қызметін кірісіп кеткен болатын», - деп хабарлады клубтың ресми сайты.