«Ювентус» «Альянц» сақтандыру компаниясымен стадионның атын өзгерту жөнінде келісімге келді.

2017-ші жылдың 1-шілдесінен бастап Туринде орналасқан «Ювентус Стэдиум» алдағы алты жыл бойына «Альянц Стэдиум» деп аталатын болады.

Айта кетсек, «Альянц» атымен әлемде алты стадион аталады. Солардың қатарында атақты «Бавария» клубының стадионы да бар. Сондай ақ Сидней, Лондон, Ницца, Сан-Паулу және Вена қалаларында «Альянц» аталатын стадиондар бар.