Бүгін Уэльсте әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалы өтеді.

Финалда Франциялық қос команда өнер көрсететін болады.

Қарсыластар бір-бірімен үшінші маусым қатарынан кездескелі отыр. Былтыр «Лион» жартылай финалда екі кездесу қортындысында 8:0 есебімен жеңген. Ал екі жыл бұрынғы кездесуде ПСЖ екі ойын нәтижесінде 1:2 есебімен жеңіп келесі кезеңге өткен.

«Лион» клубының бас бапкері Жерар Прешер :

«Алекс Морган қатарға қосылды, бүгінгі ойынға шығуы да мүмкін. Франция Кубогының финалынан соң бүгінгі кездесу оңай болады деп айтуға ауыз бармайды. Біз биыл екінші жыл қатарынан жеңіске жетуге мүмкіндік туып отыр. Сондықтан аянып қалмаймыз».

ПСЖ бапкері Патрис Лер:

«Финалға франциялық екі команданың шығып отырғанына сене алар емеспін. «Лион» немесе біз финалға шыққанда көп жағдайда неміс командаларымен кездесетінбіз. «Лион» мықты екені даусыз, алайда біздің де басым тұстарымыз бар».

Бүгінгі ойынның бас төрешісі – Бибиана Штайнхаус.

Стадион – «Кардифф сити»

Финалдық ойынды біздің сайтпен бірге қараңыз:

Сілтеме №1

Сілтеме №2

Сілтеме №3