«Ювентустің» бас бапкері Массимилиано Аллегри Чемпиондар лигасының финалындағы «Реалға» қарсы ойын туралы айтып берді.

«Біз фаворит емеспіз. Бізді финалда Чемиондар лигасының жеңімпазы күтіп тұр. Соған қарамастан, біз жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз», - деді Аллегри Football Italia сайтына.