58 жастағы маман ресми түрде «Романың» бас бапкері қызметінен босатылды.

Спалетти римдік ұжымның басшылығымен жаңа келісімге келе алмады.

- Лучано Спалеттиге алғыс айтамыз. Оның қол астында «Рома» өз тарихында ең көп ұпай жинады. Оған тек сәттілік тілейміз!, - деді римдік клубтың президенті Джеймс Паллотта.

Естеріңізге сала кетсек, «Рома» биылғы маусымда Италия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.