ВВС арнасының хабарлауынша, қытайлық кәсіпкерлер ағасы Дай Йонг пен апайы Дай Сю Ли англиялық «Рединг» клубының 75 пайыз акциясын сатып алды.

Кеше АПЛ-ның басшылығы келісімге рұқсатын берді. Айта кететін жайт, бұған дейін дәл осындай «Халл Сити» клубының келісіміне премьер-лига басышлығы рұқсат бермеген. «Рединг» клубының жаңа қожайындарының уәдесі бойынша, клубтың стадионы жаңартылып, жаңа база салынбақ.

Естеріңізге салайық, Англия чемпионшипінің плей-офф кезеңі қорытындысы бойынша «Рединг» АПЛ-на жолдама алуы мүмкін.