«Астана» футбол клубы ойыншы Агим Ибраимимен бір жақты келісім-шартты бұзды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Ибраими 28 күн бойы клуб қатарына келмеген. Елордалық команда Агимді келісім-шарт талаптарын құрметтеп, міндетін толық орындауға шақырған екен. Ибраими сол талаптарды орындамағаны үшін, келісім-шарт бұзылды.