Испания ғана емес бүкіл әлемнің жанкүйерлері «Барселона» мен «Реал» болып бөлінеді десек артық айтқандығымыз емес.

Бірі каталондық клуб үшін жанын беруге дайын болса енді бірі мадридтік команда үшін жанын шүберекке түйіп отырады. Бұл бөліну өлгенше тоқтамайтынға ұқсайды кейде. Бәлкім өлген соң да жалғасар...

Естімеген елде көп...

Испанияда жерлеу қызметімен айналысатын бюролардың бірі «Барселона» мен «Реал» клубтарының логотипі бар табыттар шығара бастапты. Бұл туралы Marca хабарлайды.

«Реал» жанкүйерлеріне арналған табыт «Сантьяго Бернабеу» стадионы пішіндес көрінеді.

Ал каталондық клуб үшін жасалған табытта «Барселона» клубтың аты мен логатипі бейнеленген екен.

Естеріңізге салсақ, биылғы Испания чемпионатында «Реал» клубы топ жарған. Бұл мадридтік команданың соңғы бес жылдағы ішкі біріншіліктегі алғашқы жеңісі. Сонымен қатар каролдік клуб Чемпиондар лигасының финалына шыққан. Финалда туриндік «Ювентуспен» кездеседі.

Ал «Барселонаның» тек Испания кубогында топ жаратын мүмкіндігі ғана қалды. Ол үшін финалда «Алавес» командасын жеңуі керек.