«Манчестер Сити» командасы «Монако» клубының жартылай қорғаушысы Бернарду Силваны алғандығын хабарлады.

Силва жаңа командасында 20-шы номермен ойнайтын болады. Расталмаға ақпаратқа қарағанда «Манчестер Сити» Силва үшін 43 млн фунт төлеген көрінеді.

«Монако» клубымен Франция чемпион атанған Бернардо Силва өткен маусымда ішкі біріншілікте 37 ойынға қатысып 8 гол соққан.