Англияның Саутгемптон қаласында қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен бокс кеші өтті.

Қазақстандық Александр Журавский (13-2, 11 КО) WBO European титулы үшін жұдырықтасқан. Оның қарсыласы голландиялық Стивен Данио болды. Өкінішке қарай, отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. Журавский жартылай орта салмақта әлі де WBO Oriental титулының иегері екенін айта кетейік.

Ал Ернар Ешенов (5-0, 4 КО) болса, шотландиялық Майкл Макгуркпен жекпе-жек өткізген. Боксшылар WBC Youth Silver белбеуін сарапқа салды. Алтыншы раундта Макгурктің қабағы жарылып, жекпе-жек сол жерде тоқтатылса да, төрешілер жеңісті шотландиялық боксшыға берді. Бұл Ешеновтың кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісі болды.

Айта кетейік, Ернарда WBC Youth Intercontinental титулы бар.