21 жастағы Қуан Қуатов бокстан Бакуде өтіп жатқан Ислам ойындарының ширек финалына жолдама алды.

64 келіде сынға түсіп жатқан отандасымыз бірінші айналымда 3:2 есебімен қырғызстандық Данияр Дамирдинулын жеңіп, келесі айналымға шықты. Қуанның 1\4 финалдағы қарсыласы түркімен боксшысы — Зуфар Сапарбаев. Кездесу 16-шы мамыр күні өтеді.

60 келідегі Сұлтан Заурбек алғашқы айналымда бос болды. 14 мамыр күні 1\4 финалдық бәсекеде отандасымыз өзбек спортшысы Улугбек Дусмурадовпен жұдырықтасады.