Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы келесі кездесуін 17 маусымда Мэриленд штаты, Балтиморда өткзеді. 25 жастағы Айдостың қарсыласы әзірше белгісіз.

11 мамырда қазақстандық боксшы Лос-Анджелеске ұшып кетті, сол жақта алдағы кездесуіне жаттығу жасайды.

Айта кетейік, Ербосынұлы кәсіпқой рингте 5 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтады.