Супер ауыр салмақтағы экс-әлем чемпионы Владимир Кличко соңғы жекпе-жегін Киевтегі «Олимпийский» стадионында өткізгісі келетінін айтты.

29-шы сәуір күні Лондонда украиналық IBF чемпионы Энтони Джошуамен күш сынасады.

«Бұл арена чемпиондық жекпе-жек өткізу үшін барлық талаптарға сай келеді. «Олимпийский» ұлттық спорт кешені Германия стадиондарынан кем емес. Мен ол жерде жұдырықтасу үшін бірнеше факторларды ескерген жөн. Осында соңғы жекпе-жегімді өткізсем деймін», — деп Кличконың сөзін BoxingScene жеткізді.