Оскар де ла Хойя кіші Мейвезерге Альвареспен шығуды ұсынды.

«Мен Макгрегорға Флойдпен шығуға жол бермес едім. Мейвезер оны ұятқа қалдырады ғой. Ол оңай жеңіске жетеді. Бұл UFC үшін жаман аяқталады. Флойд Канелоға қарсы жекпе-жек өткізіп көруі тиіс» — деп промоутердің сөзін Fighthype жеткізді.